365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Андорра құрамасы Грузиямен кездеседі

  • 246
  • UPD: 16:09, 11.09.2018

Қазақстан құрамасы футболдан Ұлттар Лигасының топтық кезеңінде Андоррамен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті.

Осылайша жерлестеріміз сыртқы кездесуде тек бір ұпай ғана жинады.  

Ұлттық құрама есепті бірінші болып ашты. Қарсы команданың қақпасына допты ойынның 68 минутында Юрий Логвиненко соқты. Бірақ ойынның 76-минутында Серікжан Мужиков екінші сары қағаз алып алаңнан қуылып, Андорраның жартылай қорғашуысы Жорди Алаэс 85 минутта есепті теңестіріп кетті.

 Станимир Стоилов, Қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Біз 90 минут бойы басым ойнадық. Гол соғуға тырысып баққанмен шабуылымыз әлсіз болды. Жалпы бұл бағытта біраз қиындық бар. Соңғы 2 ойында стандартты жағдайдан басқа қарсыластарымызға бірде-бір доп соға алмадық.

Кольдо Альварес, Андорра құрамасының бас бапкері:

- Мұны жеңіс деп айтуға келмейді. Бірақ ұпай жинағанымызға қуаныштымын. Біз қорғаныста ойнадық. Тек қарсы команданың ойыншысы алаңнан қуылған соң ғана есепті теңестірдік.  

Ал футбошыларымыздың сәтсіздігін ұлттық құрама қақпашысы Ненад Эрич былай түсіндіреді.    

Ненад Эрич, Қазақстан құрамасының қақпашысы:

- Тең ойнағанымыз әрине өкінішіті. Біз ойынды бақылауымызда ұстап, гол соғуға бар күшімізді салдық. Есепті ашып алға шыққанда бәрі ойдағыдай келе жатқан еді. Бірақ біздің ойыншы қызыл карточка алып алаңнан қуылған соң ұйымдастыру жағы төмендеп бір гол жіберіп алдық. Ал есепті өзгертуге уақыт жетпей қалды.

Константин Жигалов, Испаниядағы ҚР-ның Төтенше және өкілетті елшісі:

- Біздің команда жақсы ойын көрсетті. Тек ойда жоқта қателік жіберіп ойын теңбе-тең аяқталды. Бұл құрама үшін жаңа тәжірибе, сабақ болады деп ойлаймын. Ал Қазақстаннан келген 30 жанкүйер күшті қолдау көрсетті. Олардың дауысы бүкіл стадионды басып кетті ғой деймін.

Марат Оралғазин, Футболдан Қазақстан федерациясының бренд-амбассадоры:

- 5-6 жылдан бері Қазақстан құрамасының жанкүйерімін. Олардың барлық ойындарына қатысып, қолдау білдіріп келеміз. Біз болмасақ кім жанкүйер болады.

Енді ұлттық құрама 13 қазані күні Латвия командасымен кездеседі. Ал Андорра Грузиямен бақ сынасады. Жалпы алда құрамамыздың 4 ойыны бар. 

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Осы категория бойынша: « Әлемде клиф дайвингтен жарыс өтті Өскемендіктер Ольга Рыпакованы құшақ жая қарсы алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы