366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Буэнос-Айрес: каноэші Д.Бахриддин алтын медаль жеңіп алды

  • 243
  • UPD: 07:41, 13.10.2018
Буэнос-Айрес: каноэші Д.Бахриддин алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық Диас Бахриддин Буэнос Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында каноэде есуден чемпион атанды.

Іріктеу кезеңінде Диас мәреге екінші болып келсе, ширек финалда украиналық спортшыны артта қалдырды.

Жартылай финалда ол венгриялық Балаза Палладан озды. Палланың уақыт көрсеткіші - 1:57.04, Диастың нәтижесі - 1:54.66

Финалда ол өзбек спортшысы Исломжон Абдусломовпен алтынға таласқан болатын. Тартысты өткен жарыста Диас 1:54.66 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып келді. Абдусаломовтың уақыт көрсеткіші - 1:55.17.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы