385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жәнібек Әлімханұлы Эль-Пасодағы жекпе-жегінде жеңіске жетті

  • 859
  • UPD: 07:59, 04.11.2018
Жәнібек Әлімханұлы Эль-Пасодағы жекпе-жегінде жеңіске жетті vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Эль-Пасода (АҚШ, Техас штаты) өткен бокс кешінде америкалық Вон Александрды жеңді.

Орта салмақта жұдырықтасатын боксшылардың жекпе-жегі жоспарланған 8 раундқа созылды. Бұл қазақстандық боксшының ең ұзаққа созылған жекпе-жегі болды.

Шаршы алаңдағы шайқаста ширақ қимылдары, жойқын соққыларымен көзге түскен Жәнібек Әлімханұлы төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Бұл – қазақстандық боксшының кәсіпқой ринг төріндегі төртінші жеңісі.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы