384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабайда «Мен чемпион» балалар спорттық сайысы басталды

  • 576
  • UPD: 23:51, 19.11.2018
Бурабайда «Мен чемпион» балалар спорттық сайысы басталды

Байрақты бәсекеге қазақстандық оқушылармен қатар көрші Ресей және Өзбекстан елдерінің командалары да қатысады. Осылайша биыл аталған жоба халықаралық деңгейге көтерілді.

Осымен бесінші рет өткізіліп отырған тележоба жыл сайын «Хабар» арнасынан көрсетіледі. Оның үстіне бұл жарыс Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен еліміздегі мектептердің спорттық іс-шаралар тізіміне енгізілген. Ал биылғы сайыс жеңімпаздары 21 қараша күні анықталмақ. Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болады.

Темірлан Қожаев, қатысушы /Алматы/:

- Негізінен біз бұл ойынға бірінші рет келіп тұрмыз. Торнадо командасы бүгін бірінші ойынын өткіздік. Қарсылас командалардың дайындығы осал емес. Бірақ, біз де Алматының намысын қолдан жібермеуге тырыстық. Бірақ ақыры соңында жеңдік. Биыл бізге «Бампер бол» атты жаңа ойын қосылды. Бұл ойынның ерекшелігі – біздің үстімізге үлкен шар киіледі. Біз сол шармен алып дөңгелекті итеруіміз керек.

Қанат Сәдуақасов, ұйымдастырушы:

- Ойындар өте тартысты, қызықты болып жатыр. Жалпы өткен жылғы республикалық финалға қатысқан осы командалардың арасынан бір 30 пайызы тағы сол өз өңірлерінде жеңіске жетіп, осы жарысқа келіп отыр. Ал қалған 70 пайызы ол жаңа командалар. Ал жеңімпаз команда ол мынау халықаралық «Мен чемпион» халықаралық ойындарының ауыспалы кубогына ие болады.

Хабар 24 телеарнасы