378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пакьяо Мейвезермен қарымта кездесу өткізуі мүмкін

  • 485
  • UPD: 21:27, 10.01.2019

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Сиднейдегі турнирдің ширек финалында голландиялық Кики Бертенстен ұтылып қалды.

Есеп: 6:2, 6:2. Енді жерлесіміз Австралия ашық біріншілігіне дайындалады. Бүгін «Үлкен шлем» жарысының жеребесі тартылып, қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды.

Бүгін Мельбурн қаласында теннистен Австралия ашық біріншілігінің жеребесі тартылды. «Үлкен шлем» жарысының былтырғы чемпионы Роджер Федерер алғашқы кезеңде өзбекстандық Денис Истоминмен кортқа шығады. Ұтыс қоры 42 млн доллардан асатын айтулы сынға қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин де қатысады. Ол француз Лукас Пуйемен кездеседі. Әйелдер арасындағы жарыстың негізгі кезеңіне Зарина Диас пен Юлия Путинцева шықты. Зарина сербиялық Александра Круничпен ойнаса, Путинцева чехиялық Барбара Стрыцовамен сынға түседі. Австралия ашық біріншілігі 14 қаңтарда басталып, екі аптаға созылады.

Пакьяо - Бронер жекпе-жегі

Жаңа жылдың алғашқы айында кәсіпқой бокстан айтулы жекпе-жектер өтеді. Жанкүйерлер назары 19 қаңтарда Лас-Вегас қаласына ауады. Сегіз салмақта әлем чемпионы атанған Мэнни Пакьяо Эдриан Бронермен шаршы алаңға шығады. 66 келі салмақта сынға түсетін қарсыластар бүкіләлемдік бокс қауымдастығының чемпиондық атағын сарапқа салады. Қазір белбеу филиппиндік боксшының еншісінде. Жақында 40 жасқа толған Пакьяо шаршы алаңмен 2016 жылы қош айтысқан еді. Алайда бокс майталманы үлкен спортқа қайта оралып, үш кездесу өткізіп үлгерді. Мэнни Пакьяо кәсіби рингте 60 мәрте жеңіске жетіп, жеті рет жеңілістің ащы дәмін татқан. Екі жекпе-жекті тең аяқтады. Жұдырықтай филиппин жігіті 29 жастағы Бронерден басым түссе, Флойд Мейвезермен қарымта кездесу өткізуі мүмкін.

Бенжамен Павар «Баварияға» ауысады

«Штутгарт» командасының қорғаушысы Бенжамен Павар «Бавариямен» бес жылға келісімшартқа отырды. 22 жастағы футболшы Мюнхен клубының қатарына жазда қосылады. Павар былтыр Франция құрамасы сапында Ресейдегі әлем чемпионатында топ жарып, турнирдегі ең әдемі голдың авторы атанған болатын. Оның Аргентина қақпасына соққан добы ел есінде қалды. Бенжамен биылғы маусымда «Штутгарт» құрамында 14 матчқа қатысты. Неміс бундеслигасындағы жаңа жылдық үзіліс келесі аптада аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы