378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аргентиналық футболшы мінген ұшақты іздестіру жұмыстары тоқтады

  • 529
  • UPD: 14:04, 25.01.2019
Аргентиналық футболшы мінген ұшақты іздестіру жұмыстары тоқтады RT

Құтқарушылар 28 жастағы аргентиналық шабуылшы Эмилиано Сала отырған ұшақты іздестіру жұмыстарын тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан 4 күн бұрын Нант қаласынан Кардиффке бағыт алған жалғыз моторлы ұшақ Ла-Манш бұғазында радардан көрінбей кетіп, қайта байланысқа шықпаған болатын. Құтқарушылардың пікірінше, ұшақ бортында болғандардың барлығы қаза тапты. Іздестіру жұмыстары барысында шамамен 1 мың 700 шаршы миль тексерілді. Бұған дейін Британия мен Франция шекара күзеті Гернси аралын тінтіп шықты. Оған 3 ұшақ пен 5 тікұшақ, сонымен қатар 2 құтқару қайығы мен басқа да кемелер жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы