378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин DAZN стриминг жүйесімен келісімшартқа отырғаннан кейін мәлімдеме жасады

  • 240
Головкин DAZN стриминг жүйесімен келісімшартқа отырғаннан кейін мәлімдеме жасады Prosports.kz

Үш нұсқа бойынша әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин DAZN стриминг жүйесімен келісімшартқа отырғаннан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

– Мен оралдым! DAZN-мен бірлесіп карьерамның жаңа бөлігін бастауға қуаныштымын және мұрамды баянды еткім келеді, - деп жазған Головкин Twitter желісіндегі ресми парақшасында.

Головкинның келісімшартқа қол қойғаны жайлы 8 наурызда жарияланды. Үшжылдық келісім барысында, ол алты жекпе-жекке шығып, оның ішінде жылына екі кездесуден өткізіп отырады. Оған қоса, DAZN-мен келісімшарт Головкинді үшінші жекпе-жек өткізуге алып келе жатыр және оның GGG Promotions компаниясы 2020 және 2021 жылдары төрт бокс кештерін өткізуге кепілдік береді.

Головкин рингке 8 немесе 16 маусымда оралуы мүмкін. Қарсыласының есімі әлі белгісіз. GGG қыркүйектен бері жекпе-жекке шықпаған. Соңғы жекпе-жектен кейін ол жеңіліс тауып, титулдарынан айырылған.

Хабар 24 телеарнасы