378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Спорттық гимнастикадан әлем кубогы: Нариман Курбанов үздік төртікке енді

  • 177
Спорттық гимнастикадан әлем кубогы: Нариман Курбанов үздік төртікке енді olympic.kz

Әзербайжан астанасы Бакуде спорттық гимнастикадан лицензиялық әлем кубогы кезеңі аяқталды.

Соңғы жарыс күнінде Қазақстан атынан Нариман Курбанов бақ сынаған болатын. Гимнастикалық ат снарядында сынға түскен жерлесіміз финалда төртінші нәтижені көрсетті. Бұл – Курбановтың жаңа маусымдағы үздік көрсеткіштерінің бірі. Ат снарядында жапониялық Кохеа Камеяма (14.866) жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені франциялық Сирил Томассон (14.833), қола жүлдені қытайлық Венг Хао (14.033) иеленді. Еске сала кетейік, еркін жаттығуда финалға өткен Милад Карими 7-орыннан көрінді.

Ақпарат көзі: olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы