379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік хоккейшілер Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

  • 225
  • UPD: 09:49, 06.04.2019
Ақтөбелік хоккейшілер Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін VN.ru

Ақтөбелік хоккейшілері жастар арасындағы ел біріншілігінде барлық кездесуде жеңіске жетіп, чемпиондық атақты иеленген болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр ғана құрылған команда 36 ойында бірде-бір қарсыласына есе жібермепті. Ал ең ірі есеп алматылық командамен болған кездесуде тіркелді. Ақтөбеде өткен ойында алаң иелері 17 рет қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Қонақтар сол ойында тек бір шайба соғуға қауқары жеткен. Мұндай көрсеткіш бұрын-соңды хоккей тарихында болмаған. Мәселен ұлттық хоккей лигасында «Питсбург пингвинс» командасы 1992-1993 жылғы маусымында қатарынан 17 ойында ғана жеңіске жеткен. Сондықтан қазір «Ақтөбе» хоккей клубы өкілдері Гиннестің рекордтар кітабына тіркеуге тиісті құжаттар жинауда.

Ринат Омарбеков, «Ақтөбе» ХК аға бапкері:

– Қарағандылық «Сарыарқа» командасы қатарынан 23 ойында жеңіске жеткенін білемін. Олар да Гиннестің рекордтар кітабына өтініш білдірген. Ал біз 36 рет жеңіске жеттік. Сондықтан біздің өтінішімізді рекордтар кітабының комиссиясы қабылдайды деп үміттенемін.

Хабар 24 телеарнасы