378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатын жеңіспен бастады

  • 130
Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Елордадағы «Барыс-аренада» шайбалы хоккейден бірінші дивизионның «А» тобындағы командалар арасында әлем чемпионаты басталды.

Элиталық топтың екі жолдамасы сарапқа салынатын біріншілікке алты елдің құрамасы келді. Қазақстан алғашқы кездесуін Стэнли кубогының екі дүркін жеңімпазы Анже Копитар бастаған Словениямен өткізіп, маңызды үш ұпайына иелік етті. Матч жарыс қожайындары үшін сәтті басталды. Төртінші минутта Никита Михайлис айдындағы сан басымдығын, нәтижеге ұластырды. Санаулы минуттардан кейін Антон Некряч есепті еселей түсті. Кейін Михайлис белсеніп, осы ойындағы екінші шайбасын еншісіне жазды. Қазақстандық хоккейші кездесудің үздік ойыншысы атанғанын да айта кетейік. Словения үзілістен кейін ес жиды. Анже Куралт пен Давид Родман мергендік танытып, ойынды қыздыра түскен еді. Алайда шешуші кезеңде нәтиже өзгерген жоқ. Есеп – 3:2. Қазақстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады. Ертең Андрей Скабелка шәкірттері Литвамен айдынға шығады. 

Хабар 24 телеарнасы