389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық регбишілер Нидерландыда қарсыластарын ойсырата жеңді

  • 262
Қазақстандық регбишілер Нидерландыда қарсыластарын ойсырата жеңді Prosports.kz

Амстердамда регби-7 спортынан Amsterdam Sevens халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Оған қазақстандық «Азияспорт-Динамо» командасы қатысуда. Сайыстың алғашқы күні қазақстандық регбишілер үш жеңіске қол жеткізді: интернационалдық Dambusters Ladies ұжымын (33:5), нидерландылық AAC Amsterdam (60:0) және франциялық Gitanes Olympiques (47:0) командаларын жеңді.

Енді 2 маусымда қазақстандық регбиші қыздар Нидерландының тағы екі командасымен кездеседі.  

Хабар 24 телеарнасы