389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дмитрий Баландин мен Әділбек Мусин АҚШ-тағы турнирде күміс жүлдегер атанды

  • 283
Дмитрий Баландин мен Әділбек Мусин АҚШ-тағы турнирде күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық спортшылар Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин және Әділ Қасқабай 2019 жылғы әлем чемпионатына арнайы дайындық барысында АҚШ-тағы CA Dolfin Fran Crippen SMOC халықаралық турниріне қатысуда.

Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша қоржынға екі медаль түсіп, еліміздің рекорды жаңарды, деп хабарлайды Olympic.kz.  Жарыс Оңтүстік Калифорнияда өтуде. Турнирге көптеген танымал спортшылар қатысып жатыр. Бірінші жарыс күнінде Баландин 200 метрге брасс әдісімен жарысудан сынға түсіп, Азиада жүлдегері қытайлық Ян Зибейге ғана есе жіберді. Үшінші орында тағы бір қытайлық спортшы Жуйсюань Чжан орналасқан. 

Мусин 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден ел рекордын жаңартып, екінші орын алды. Оның жаңа рекорды – 1:59.48. Бірінші орынды америкалық Томас Шилдс иеленген. Үздік үштікті АҚШ спортшысы Брукс Фэйл қорытындылап тұр. 

Әділ Қасқабай 100 метрге еркін әдіспен жүзуден бақ сынап, 13-орыннан көрінді. 

Еске сала кетейік, Олимпиада қарсаңындағы маусымда спортшылар әйгілі маман Дэйв Салоның қоластында жаттығуда. 

Хабар 24 телеарнасы