384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Универсиада-2019: Қазақстандық жеңіл атлет күміс медаль жеңіп алды

  • 265
  • UPD: 11:01, 11.07.2019
Универсиада-2019: Қазақстандық жеңіл атлет күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық жеңіл атлет Михаил Литвин Италияның Неаполь қаласында өтіп жатқан бүкіләлемдік жазғы Универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жерлесіміз 400 метрге жүгіруде екінші болып келді. Қазақстан студенттер құрамасының спортшылары бүгінге дейін Универсиаданың 1 алтын, 4 күміс 1 қола медалын ұтып алды.

 

«Тобыл»-«Женесс» тең түсті

«Тобыл» Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Люксембургтың «Женесс» командасына қонаққа барып, тең түсті. Бұл ойында есеп ашылған жоқ. Енді қарымта кездесу «Астана Аренада» 18 шілдеде өтеді. Себебі Қостанай қаласы Еуропа лигасын қабылдауға дайын емес. Бүгін Қазақстанның тағы екі командасы Еурокубок турниріндегі алғашқы кездесулерін өткізеді. «Ордабасы» Шымкентте Грузияның «Торпедосымен» алаңға шығады. Матч кешкі сегізде басталады. «Қайрат» Боснияда «Широки Бриегпен» ойнайды.

 

«Тур де Франс» көпкүндігінің бесінші кезеңінде Петер Саган топ жарды

Спринтерлік қашықтықта құстай ұшатын Словакиялық велоспортшы 175 шақырымды 4 сағат 2 минут 33 секундта бағындырды. «Астаналықтар» сапынан Алексей Луценко үздік нәтиже көрсетті. Қазақстандық велошабандоз жеңімпазбен бірдей уақытта мәреге 15-ші болып келді. Команда капитаны Якоб Фульсанг та қалың топпен кезеңді аяқтады. Бесінші кезеңнен кейін француз Жулиан Алафилипп «сары» жейдені сақтап қалды. Алексей Луценко мен Якоб Фульсанг көшбасшыдан 1 минут 6 секунд қалып келеді. «Астана» велокомандасының спортшылары 22-ші және 25-ші орындарға жайғасты. Бүгін «Тур де Франс» гранд-турының алтыншы кезеңі 160 шақырымға созылады.

 

«Уимблдонда» жартылай финалистер анықталды

37 жастағы Роджер Федерер «Уимблдонда» тоғызыншы мәрте топ жаруды көздейді. Швейцариялық теннисші жыл сайын жасарып келе жатқандай. Федерер ширек финалда жапониялық Кей Нишикориден басым түсті. Алғашқы партияда Күншығыс елінің өкілі 6:4 есебімен алға шыққан. Алайда қалған үш сетта швейцариялық спортшы 6:1, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді Роджер Федерер финалдық жолдаманы Рафаэль Надальмен сарапқа салады. Испан жігіті Америкалық Сэм Куэрридің осал тұсын тапты. Федерер мен Надаль «Уимблдонда» араға 11 жыл салып кездеседі. Жартылай финалдың келесі жұбында Новак Джокович пен Роберто Баутиста ойнайды. Матчтар ертең өтеді.

 

Футболдан Африка ұлттарының кубогы аяқталуға жақын

Футболдан Африка ұлттарының кубогы да шешуші сынға жақындады. Қара құрлықтың мықтысы Египетте анықталады. Жарыс қожайындары турнирден шығып қалды. Бас жүлдеден Кот-д'Ивуар дәмелі. Ширек финалда олар Алжирмен ойнайды. Талайларды таң қалдырған Мадагаскар да жүлдеден үмітті екенін байқатты. Аралымен аты шыққан елдің жігіттері аладопты да әдемі тебетіндерін паш етті. Мадагаскар Туниспен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Ал Сенегал мен Нигерия жартылай финалға күні бұрын шығып қойды.

Хабар 24 телеарнасы