385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық ойыншы Испания чемпионатына ауысты

  • 316
  • UPD: 17:37, 29.08.2019
Қазақстандық ойыншы Испания чемпионатына ауысты

Қазақстандық жартылай қорғаушы Асылбек Сейтқалиев Испания чемпионатының төртінші дивизионында бақ сынайтын «Херена» клубына ауысты.

Отандық басылымдардың жазуынша, 27 жастағы ойыншы жаңа клубымен бір жылдық келісімшартқа отырған, деп жазады prosports.kz.

Атырау футболының түлегі мансабын «Атырауда» бастаған. Одан кейін ақтаулық «Каспийде» доп тепті. Бұдан бөлек, литвалық «Миния» және «Коралас» командаларында ойнаған. 

Хабар 24 телеарнасы