387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Тараз» клубына жаңа бапкер келді

  • 127
«Тараз» клубына жаңа бапкер келді

Бас бапкерсіз қалған «Тараздың» тізгінін тағы бір отандық маман Нұрмат Мырзабаев ұстады, деп хабарлайды Prosports.kz.

46 жастағы бапкер бұған дейін де жамбылдық команданы жаттықтырған болатын. Осы жолы команда бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалып отыр.

Нұрмат Мырзабаев футболшы ретінде «Тараз», «Ертіс», «Есіл-Богатырь» және «Ақтөбе-Ленто» командаларында өнер көрсеткен. 

Бұған дейін «Тараздың» бас бапкері Вахид Масудовтың қызметінен кеткені хабарланған. 

Хабар 24 телеарнасы