389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада велоспорттан өтіп жатқан жарысқа 300-ге жуық бала қатысты

  • 226
  • UPD: 15:20, 21.09.2019
Елордада велоспорттан өтіп жатқан жарысқа 300-ге жуық бала қатысты

Олимпиада үміті. Дәл осындай атаумен елордада балалар арасындағы веложарыс өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, республикалық велортек алаңына 300-ден аса қатысушы жиналып, 3 жас деңгейі бойынша өзара мықтыны анықтады.

«Бұндай форматтағы бәсеке осымен 3-жыл қатарынан ұйымдастырылып тұр және оның болашақ чемпионар даярлығына үлесі зор», - дейді мамандар. Өйткені жарыстың аты балалар арасындағы болғанымен, заты ересектер арасындағы додадан кем емес. Яғни, оның талабы, ережесі және төрелік жүйесі халықаралық бәскелермен бірдей болды.

Динара Әубәкірова, Олимпиадалық даярлау орталығы бөлімінің жетекшісі:

- Біз осы арқылы балаларды кәсіпқой спортқа ерте жастан тартқымыз келеді. Биыл велотрек жанынан бүлдіршіндерге арналған секция ашу жоспарда бар. Сәйкесінше, осында топ жарғандар сол үйірмеге қатысып, шеберлігін шыңдай алады. Кім біледі, мүмкін дәл осы өрендер арасында болашақ әлем және олимпиада чемпионадры жүрген шығар.

Хабар 24 телеарнасы