447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азия іріктеу турнирі: Қазақстанның төрт боксшысы финалға шықты

  • 179
  • UPD: 12:45, 11.03.2020
Азия іріктеу турнирі: Қазақстанның төрт боксшысы финалға шықты

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының төрт боксшысы финалға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалым Кенжебаев шәкірттері мүмкін болған сегіз жолдаманың жетеуін еншіледі. Енді 52 келідегі Сәкен Бибосынов қосымша лицензияға таласады. 63 келі салмақтағы Зәкір Сафиуллин Иорданиялық Мұхаммед Мұстафадан басым түссе, Әбілхан Аманқұл қытайлық Таңатқан Ербикенің осал тұсын тапты. Бекзат Нұрдәулетов шаршы алаң иесі Одаи Алхиндавиді жеңді. Василий Левит те иорданиялық қарсыласынан айласын асырып шешуші сынға өтті. Қамшыбек Қоңқабаев жарақатына байланысты жартылай финалдағы жекпе-жекке шыққан жоқ. Серік Теміржанов, Абылайхан Жүсіпов және Надежда Рябец қарсыластарына жол беріп, қола жүлдегер атанды. Бүгін финалдық сайыстар өтеді. Сафиуллин өзбек Елнұр Әбдірайымовпен шаршы алаңға шықса, Аманқұл филипиндік Эумир Марсьяльмен жұдырықтасады. Нұрдәулетов австралиялық Пауло Аукусомен сынға түседі. Левит жаңазеландиялық Давид Ниикамен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы