418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Marca Головкинді Тайсонға ұқсатты

  • 200
  • UPD: 11:58, 09.06.2020
Marca Головкинді Тайсонға ұқсатты gossluzhba.kz

Marca басылымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туралы мақала жазды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Мақала авторы Геннадий Головкинді XXI ғасырдың үздік спортшылары рейтингінде 77-ші орынға қойған.

«Головкин Германияда мансабын бастаған кезде-ақ ерекшеленіп, күшін көрсете білді. Оның ұзақ уақыт бойы орта салмақта қарсылас шақ келтірмеуі – «Темір Майкты» еске салады. Ол өзінің салмағы үшін өте жойқын соққының иесі болды.

«АҚШ-қа келген соң Головкин алдына түскен қарсыласын талқандады. Дегенмен Геннадий ғасыр басында нағыз бабында еді, қазір оның рейтингі аса мықты дей алмаймыз», – деп жазды басылым.

Хабар 24 телеарнасы