429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық жас шахматшы Ұлттар лигасында жеңіске жетті

  • 150
  • UPD: 00:08, 20.08.2020
Павлодарлық жас шахматшы Ұлттар лигасында жеңіске жетті

Павлодарлық Денис Махнев халықаралық шахмат турнирінің Ұлттар лигасы қорытынды жарысында америкалық спортшыларға дес бермей, жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осының арқасында ел құрамасы әлемдік бәйгеде екінші орыннан көрінді. Денис Махнев – 10 жасында-ақ Қазақстан чемпионы атанған шахматшы. Бүгінде халықаралық дәрежедегі гроссмейстер атағына бір ұпайы ғана жетпей тұр. Жаттықтырушылары оның бұл мәртебеге көп ұзамай қол жеткізетініне сенімді. Қазақстандық спортшылар алты апта бойы АҚШ, Ұлыбритания, Польша, Румыния, Грекия, Аргентина және Бразилиядағы қарсыластарымен кездесіп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Нәтиже: алты жеңіс пен бір жеңіліс. Бір кездесуде таразы басы тең түсті. Айта кетейік, Ертіс өңірінде 10 мыңнан астам бала шахмат үйірмелеріне қатысады.

Шәріп Қашкенов, №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бөлімінің жетекшісі:

- Біздің Қазақстан құрама командасы Америка командасын жеңіп кетті. Қазір дүниежүзінде Ресей мен Америка, Қытай жоғарыда десек, Америка да алыста қалған жоқ. Жақсы шахматшылар жиналған Америка, олардың қолдарында бар. Соған қарамай, біздің Денисіміз олардың жеңіп, біздің коанданы екінші орынға шығарғаны – үлкен дәреже.

Хабар 24 телеарнасы