426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы бокс кеші: өзбек файтері жекпе-жекке шықпайтын болды

  • 386
  • UPD: 14:48, 23.08.2020
Алматыдағы бокс кеші: өзбек файтері жекпе-жекке шықпайтын болды

23 тамызда Алматыда MTK Kazakhstan компаниясының ұйымдастыруымен бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Аталған кеш аясында өтуі тиіс бір жекпе-жек өтпейтін болды.

Қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов (9-0, 4 КО) өзбекстандық Шавкат Халиловпен (7-2, 1 КО) жекпе-жегі өтпейтінін мәлімдеді.

Бұған себеп Халиловтың қазақ-өзбек шекарасынан өтуіне рұқсат берілмеген көрінеді.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде әлем және Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, әуесқой бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев өнер көрсетеді. Оның кәсіпқой рингтегі алғашқы қарсыласы аса тәжірибелі боксшы Иса Ақбербаев (20-1, 15 КО) болмақ.

Хабар 24 телеарнасы