426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Месси Суарестің «Барселонадан» кететінін уайымдап жүр

  • 156
  • UPD: 11:18, 26.08.2020
Месси Суарестің «Барселонадан» кететінін уайымдап жүр

Месси «Баселондан» кетуі мүмкін. Аргентиналық футболшы осындай шешім қабылдады.

Ақпарат құралдары бұған бірнеше себеп түрткі болғанын айтады. Оның ішінде Луис Суареспен арадағы достық бар. Яғни бас бапкер Суаресті командадан шығармақ. Бұған қоса Месси мен команда басшылығы арасындағы соңғы кезде қарым-қатынас күрделенді. Осыған байланысты ол клубтан кететіні туралы мәлімдеді. Бірақ каталондық клуб бұл ақпаратты растауға асықпай отыр. Өйткені команда мен ойыншы арасындағы келсім-шарт біткен жоқ. Ал егер оны бір тарап ғана тоқтататын болса, Мессиге 700 миллион еуро қаржы төлеу керек немесе басқа команда оны сатып алуы қажет.

Қазір оған «Манчестер Юнайтед», «Интер», «Манчестер Сити» сияқты алпауыт клубтар қызығушылық танытып отыр.

Хабар 24 телеарнасы