421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін Қазақстан Ұлттар лигасында Литваға қарсы ойнайды

  • 193
  • UPD: 10:39, 04.09.2020
Бүгін Қазақстан Ұлттар лигасында Литваға қарсы ойнайды

Қазақстан құрама командасы Еуропа Ұлттар лигасының алғашқы тур ойындарын өткізеді. Қарсыласымыз Литва.

Михал Билек шәкірттері Вильнюсте шеберлік байқасады. Біраз бұрын «Астана» тізгінін тастап шыққан Билек ұлттық құраманы ұшпаққа шығара ала ма? Күмән келтірушілер көп. Михал бапкер өзіне сенімді. Литва футболды керемет ойнамайды. Біздің топта тағы Беларус пен Албанияның бар екенін ескерсек, келесі қарсыластар Вальдас Урбонас командасына қарағанда әлдеқайда әлді. Яғни бүгін жеңбесе, Билек басына бұлт үйірілетіні анық.

Хабар 24 телеарнасы