424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2025 жылға дейін спорт алаңдарының саны 300 мыңға жетеді

  • 127
2025 жылға дейін спорт алаңдарының саны 300 мыңға жетеді

Елде салауатты өмір салтын ұстанып, тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысатын жасөспірімдердің үлесі 30%-тен аспайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал әскерге шақырылған жастардың 40%-інің денсаулығында кемшілік бар. Сондай-ақ жастардың 20%-інің салмағы бойы мен жасына сай емес. Бұған қозғалыстың аздығы мен дұрыс тамақтанбау әсер еткен. Ал мектептегі дене шынықтыру сабақтары баланың физикалық дамуын толық қамти алмайды. Оның үстіне елдегі 2 мыңға жуық мектепте спорт залы жоқ. Дамыған елдермен салыстырғанда, балалардың дене шынықтыру үйірмесіне қатысу көрсеткіші 4 есе аз.

Сондықтан мемлекеттің кәсіпқой спорттан гөрі бұқаралық спортқа назар аударуы – осы мәселені шешудің амалы. Жауапты министрлік өкілдерінің айтуынша, қазір республика аумағында 230 мыңдай спорт алаңы бар. 2025 жылға дейін оның санын 300 мыңға жеткізу қажет.

Бахтияр Артаев, «Тарлан батырлары» ЖШС директоры:

– Біз мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар арқылы келісімшарт жасау арқылы жұмыс жасаймыз. Біздің кешендерге күніне 300-500 бала тегін кіріп шығады. Мұнда спорттың жеті түрін меңгеріп шығады. Бұл бағдарламаның ең тиімді жағы: мемлекеттен субсидия алатындықтан, балаларды тегін баулимыз.

Хабар 24 телеарнасы