421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

GGG қазақстандықтарға алғыс білдірді

  • 156
  • UPD: 10:04, 19.12.2020
GGG қазақстандықтарға алғыс білдірді

IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Камил Шереметамен өткен жекпе-жектен кейін қазақстандықтарға алғыс айтты.

«Қазақстандықтар, мен сіздерді Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Мұның барлығы біздің Отанымыз үшін», - деді Головкин белдігін көрсетіп.

Еске сала кетсек, жекпе-жек бүгін Холливуд қаласындағы Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтті. Геннадий Головкин қарсыласын нокаутпен жеңіп, 21-рет чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Және ол осы көрсеткішімен рекорд жасады.

Головкин Шереметаны техникалық нокаутпен жеңді

Хабар 24 телеарнасы