Садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет әлем кубогында жүлде алды. Қытайдың Шанхай қаласындағы сайыста біздің мергендер командалық сында қола медаль еншіледі. Улттық құрама сапында Айжан Сейдахметова, Адель Жексенбинова және Виктория Лян өнер көрсетті. Олимпиада жолдамасына кімдер таласады? Олимпиада жолдамасына кімдер таласады? Күрес түрлері бойынша Парижджегі жазғы ойындар алдындағы соңғы іріктеу турниріне баратын балуандар белгілі болды. Атап айтқанда, еркін күрестен 57 келіде қазақстадық Рахат Қалжан, 63 келіде Адлан Асқаров белдеседі. Ал 74 келідегі жолдамадан Талғат Сырбаз үмітті. Егер үш салмақта лицензия бұйырса, олимпиадаға жолдаманы ұтып алған жігіттердің өздері барады – деді ұлттық құраманың бас бапкері. Мадияр Құрамысов. Оның айтуынша, Түркиядағы әлемдік іріктеуге қатысатын балуандар Азия аймақтық турнирі басталмай тұрып анықталған. Күрес түрлерінен соңғы жарыс 8-ші мамырда басталып,12-ші мамырға дейін жалғасады. Айта кетейік, қазір еркін күрестен Қазақстан құрамасының қоржынында үш жолдама бар. Оны жуырда ғана Қырғзыстанда өткен лицензиялық жарыста Әлішер Ерғали мен Юсуп Батырмұрзаев және былтыр Сербиядағы әлем чемпионатында Азамат Дәулетбеков жеңіп алды. ҚХЛ: Қазақстандық хоккейшілердің жеңісі Қазақстандық команда жеңбесе де, қазақстандық ойыншылар жеңіске жетті. Құрлықтық хоккей лигасында алғаш рет ұлттық құрама ойыншылары бас жүлдені, яғни, Гагарин кубогын жеңіп алды. Халықаралық лиганың финалында Магнитагорск қаласының «Металлургы» мен Ярославль қаласының «Локомотиві» жолыққан болатын. Қос команда 4 мәрте өзара кездесті және 4-еуіде де «Металлург» жеңіске жетті. Соңғы матч 2:1 есбемен аяқталды. Міне, осы командада Қазақстан ұлттық құрамасының бірнеше ойыншысы бар. Атап айтқанда Никита Михайлис, Валерий Орехов және Максим Мұхаметов биылғы маусымның чемпионы атанды. Айта кетейік, Магнитагорск қаласының командасы Гагарин кубогының осымен 3-рет жеңіп алып отыр. Ал құрлықтық лигада өнер көрсететін астаналық "Барыс" биыл сәтсіз өнер көрсетіп, плей-офф кезеңіне шыға алмады. Көркем гимнастикадан халықаралық турнир Жұлдыз Кубогы. Дәл осындай атаумен Астанада көркем гимнастикадан балалар мен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир басталды. Осымен 9-шы жыл қатарынан ұйымдастырылып тұрған жарысқа 5 елдің қатысушылар жиналды. Яғни, Авсралия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның өкілдері енді 5 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Айта кету керек, қатысушылар саны бойынша биыл рекорд тіркелді. Яғни, бас-аяғы 900-ден аса көркем гимнастика шебері бас жүлдеге таласады. Олар бірнеше жас деңгейіне бөлінген. Бұндай жарыстар жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, болашақ чемпиондарды қазірден дайындауға жақсы мүмкіндік дейді мамандар. Наталья Мамашева, жарыстың бас төрешісі: - Бұл жарыста қтысушылардың жас деңгейі және дайындық дәрежесі ескеріледі. Соған сәйкес өнер көрсетуі керек. Бәрімізге белгілі, көркем гимнастика олимпиада бағдарламасында бар. Сондықтан болашақ чемпиондарды қазірден дайындап, оларға ерекше көңіл бөлу аса маңызды. Осы мақсатта халықаралық турнирді алдағы уақытта да тұрақты өткізіп, оның ауқымы мен форматын ұлғайту жоспарланып отыр.