378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Тікелей инвестиция тарту - Қазақстанның үшінші жаңғыртуындағы басты бағыт

  • 898
  • UPD: 09:36, 18.03.2017

Қаржы секторын реформалау және шетелден тікелей инвестиция тарту Қазақстанның үшінші жаңғыртуындағы басты аспектілер деп есептейді мемлекеттік басқару саласы бойынша украиндық сарапшы Александр Пухкал.

Оның айтуынша, мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауы алдағы міндеттерді айқындап, жүйелі түрде жүзеге асырудың маңызды жоспары.

Александр Пухкал, мемлекеттік басқару ғылымының докторы:

- Президенттің халыққа жолдауы - қоғаммен сұхбаттың озық үлгісі. Жолдауда Қазақстанның барлық саласындағы, ең алдымен, экономика және қаржы секторындағы перспективалы бағыттары анықталған. Қазақстаннан басқа елдер, соның ішінде бұрынғы Кеңестік Одақ республикалары да көп тәжірибе ала алады. Әсіресе, экономикалық және әлеуметтік салада болып жатқан процесстердің алдын алу үшін.

Хабар 24 телеарнасы