379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елімізде АЭС салынуы мүмкін бе?

  • 452
  • UPD: 10:46, 29.04.2019

Шығыс Қазақстандағы Курчатов алаңы әлде Алматы облысындағы Үлкен ауылы. Елімізде атом электр станциясы салынады.

Бірақ құрылыс қай уақытқа межеленгені белгісіз. Бұған дейін Владимир Путин Қазақстанда атом электр станциясын салуды ұсынған болатын. Естеріңізде болса, еліміздегі жалғыз атом стансасы Ақтау қаласында болған. Бүгінде энергияның бұл түрі қолданылмайды. Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай станцияның пайдалы тұсын жіктеп берді.

Елімізде қайырымды кәсіпкерлер көбеюде. Олар баспанаға мұқтаж отбасыларға қамқорлық жасап, пәтер сыйлауды қолға алған.  Ақмола өңірінде жергілікті кәсіп иелері 40 жанұяға үй әпермек. Облыстық əкімдікпен меморандум жасасқан кəсіпорындар биылдың өзінде 13 әулетті баспаналы етпекші. Игілікті іс «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында жүзеге асады. Алматы облысында да мұқтаж жандарға пәтер сыйлап, ел ықыласына бөленіп жүргендер көп. Қазір мұнда 43276 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Ал елімізге белгілі «Қарекет» қайырымдылық қоры 90-пәтер кілтін иесіне табыстады. «1000 теңгеге баспана» жобасының жемісі бұл.

Ресейдегі шағын және орта бизнес өкілдері де қайырымдылықтан кенде емес. Бизнесмендердің 30 проценті осылай жауап берген. Әсіресе ақшалай, азық-түлік, киім-кешек түрінде көмектесетіндер көп. 25 проценті еріктілер. Кәсіп иелері балалар мен қиын жағдайға тап болған ересектерге, қарттарға қол ұшын созады. Дегенмен, былтыр Ресейде табысы аз адамдардың да қайырымдылыққа ден қойғаны белгілі болды. Әсіресе жастардың белсенділігі артқан. Әлемнің қайырымдылық рейтингісінде ресейліктер 4 жыл қатарынан үздік жүздікке енді.

Қазақстан Қытайға ет және ет өнімдерінің экспортын арттырады. Қос ел арнайы ветеринарлық сертификатты бекітті. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Оның негізінде аспан асты елінің сиыр және қой етіне қатысты талаптары көрсетілген. Осылайша, 9 өндірушіміз өз өнімдерін Қытай нарығына шығару мүмкіндігіне ие болады. Жалпы отандық 180 компанияның көрші елге өз өнімін тасымалдауға рұқсаты бар. Айта кетейін, былтыр 20 мың тонна сиыр, 3800 тонна қой еті шет елдерге жеткізілген.

Еліміз бен Иран арасында тауар айналымы артады. Тиісті заң жобасы Сенатта қабылданды. Енді аталған елге қоймен қоса сиыр еті де тасымалданбақ. Сондай-ақ ірі қара мал мен ұсақ малды, ет пен ет өнімдерін, тауық жұмыртқасын Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктеріне жеткізуге қойылған шектеулер алынып тасталды. Демек, экспорттық әлеуетіміз арта береді.

Еуропа орталық банкі ірі банкнота саналатын 500 еуроны нарыққа шығармайтын болды. Оған 211 800 теңге көлеміндегі ақша заңсыз мақсатта қолданылады деген күдік себеп. Жалпы мұндай шешім 2016 жылы қабылданған. Еуроодақ мүшелері аталмыш банкноттан үстіміздегі жылдың басында бас тартқан. Енді Германия мен Австрия да бір шешімге келді.

Телеканал Хабар 24