378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Қазақстанда ауа температурасы -42 градусқа дейін төмендеуі мүмкін

  • 473
  • UPD: 12:58, 29.01.2019
Қазақстанда ауа температурасы -42 градусқа дейін төмендеуі мүмкін Zakon.kz

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды.

28 қаңтарда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, 28-29 қаңтарда Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы 30-35, кей жерлерде 38 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

28 қаңтарда Қостанай облысында түнде ауа температурасы 27-32, кей жерлерде 35 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

28-29 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облысында түнде ауа температурасы 28-33, кей жерлерде 37-42 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Ақпарат көзі: kazhydromet.kz

Телеканал Хабар 24