377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Астанада және 3 өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 407
  • UPD: 14:54, 16.02.2019
Астанада және 3 өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Астана қаласы мен Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

17-18 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болса, 17 ақпан күндіз, 18 ақпан түнде жел қарқыны 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні секундына 30 метр жылдамдықты құрайды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Тараз қаласында 17 ақпанда күндіз, 18 ақпан түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Тұман түсуі ықтимал.

17 ақпан күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз қатты жауын-шашын күтіледі. Түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, тау асуларында 30 м/с асады деп күтіледі.

17 ақпанда Ақмола облысының кей аймақтарында жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.     

17 ақпан күні Астана қаласында қар жауады, тұман, көктайғақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы - 85-90%.

Телеканал Хабар 24