377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Атырауда әйелді абайсызда атып алған полицей жұмыстан шығарылды

  • 143
  • UPD: 13:15, 30.03.2019
Атырауда әйелді абайсызда атып алған полицей жұмыстан шығарылды

Атырау халықаралық әуежайында әйелдің аяғына абайсызда оқ атып алған полиция сержанты Мәмбетияров атағынан айырылып, жұмыстан шығарылды.

Бұл туралы Көлік полициясы департаменті баспасөз қызметі хабарлайды.

Оның тікелей басшысы да лауазымынан босатылды, тағы бірнеше лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапқа тартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен брифинг кезінде көлік полициясы департаментінің бастығы Аманжол Қабылов айтып берді.

«Атыраудың желілік полиция бөлімінің басшылығына жәбірленуші Наталья Дажукқа қажетті көмек көрсету тапсырылды», - деді А. Қабылов. Оның айтуынша, қазір Н. Дажуктың жағдайы жақсы, бүгін ол ауруханадан шығарылуы тиіс. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. «Көлік полициясы департаментінің басшылығы болған оқиғаға өкініш білдіреді әрі Н. Дажук ханымға қажетті көмек көрсетілуін өз міндетіне алады», - дейді Аманжол Қабылов.

Еске сала кетейік, 29 наурыз күні Атырау қаласындағы халықаралық әуежайда полиция қызметкері әйелді байқаусызда аяғынан атып алған болатын.

Телеканал Хабар 24