378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ақтөбеде ерекше балаларға арнап мереке ұйымдастырылды

  • 144
  • UPD: 13:53, 02.04.2019

Аутизм ауруына шалдыққан бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын қолдауға бағытталған ауқымды шаралар бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатыр. Ақтөбеде де ерекше бүлдіршіндерге мереке ұйымдастырылған. Ертеден кешке дейін шаһардағы бірқатар ойын-сауық орындары бұл бөбектер үшін тегін қызмет көрсетеді. 

Мансұр Есқожин, тілші:

- Аутизм мәселесімен қалың бұқараның етене танысуы, мүмкіндігі шектеулі бөбектердің хал-жағдайына оң әсерін береді. Қалың бұқараның қолдауы қиын жағдайға тап болған ата-аналарға да қолдау. Бұл жайтты ғалымдар әлдеқашан дәлелдегендігі ақиқат. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші Ақтөбеде де ерекші күтімді қажет ететін балалардың ата-аналары бірнеше қоғамдық бірлестікке жиналған. Бүгінгі басқосу ерекше. Себебі күн тәртібінде мерекелік астан бөлек белсенді демалыс та ескерілген. Ерекше балалардың ата-аналарынан құралған бірлестік жетекшісі Салтанат Кенжебекова бүлдіршіндерге арналған шаралар туралы баяндап берген болатын.

Қазір облыста мектепке дейінгі, мектеп жасындағы 5 мың баланың мүмкіндігі шектеулі. Ал аутизм дертіне шалдыққан 300-ге тарта бүлдіршін бар. Бұл әлеуметтік орындарда ерекше күтім ұйымдастыруды талап етеді. Осыған орай өңірде арнайы бейімделген білім беру мекемелері ашылуда. Мәселен, өткен жылы мемлекеттік және жеке меншік әріптестігі аясында 180 бөбекке шақталған арнайы балабақша іске қосылған болатын.

Телеканал Хабар 24