379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ақтөбе облысындағы қоғамдық кеңес мүшелері сайлауға атсалысуға дайын

  • 76
  • UPD: 11:14, 11.04.2019
Ақтөбе облысындағы қоғамдық кеңес мүшелері сайлауға атсалысуға дайын

Қоғамдық кеңесті ел ішіндегі өзекті мәселелерді билікке жеткізуші дәнекер деуге болады.

Ақтөбе облысындағы кеңес құрамында 5 бірдей комиссия жұмыс істейді. Олар ауыл-елді аралап, тұрғындармен кездесіп, талап-тілектерін тыңдайды. Оны билікпен бірге шешуге атсалысады. Осы қоғамдық кеңес мүшелері алда өтетін сайлауға белсенді қатысуға дайын отыр.

Бағлан Баймағанбетов, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы:

- Қашан, кім болады деп, елді қобалжытпай, ыждағаттатып осы Президент сайлауын өткізіп, елдің бірлігін, өзінің әл-ауқатын сақтап қалатындай, Қазақстанымыз туын биік ұстап,кешегі қиын қыстау заманнан аман-есен шықтық. Оған енді Елбасымыздың зор еңбегі бар. Бір ауыздан сөз шығарып, бір жеңнен қол шығарып, елімізде тыныштық сақтайтын сондай бір азамат керек. Сол Президент сайлауының дұрыс өтуіне біз қай жағынан да ат салысуымыз керек.

Телеканал Хабар 24