379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елордада балабақшаға топтау кезегі мамыр айында басталады

  • 96
  • UPD: 13:08, 17.04.2019
Елордада балабақшаға топтау кезегі мамыр айында басталады

Мектепке дейінгі ұйымдарға топтау кезегі мамыр айының ортасында басталады.

«Соңғы күндері чаттарда ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап балаларды балабақшаларға топтау кезегі басталады деген ақпарат таралып жүр. Білім басқармасы тарапынан бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Жоспар бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға топтауды 2019 мамыр айының ортасында көздеп отырмыз, ол туралы ақпарат алдын ала міндетті түрде ата-аналарға БАҚ және Нұр-Сұлтан қаласының ресми ресурстарында жарияланатын болады. Ресми интернет ресурс - bilim.astana.kz, әлеуметтік парақшаларда – bilimastana», - делінген Білім басқарманың хабарламасында.

Сонымен қатар бүгінгі таңда елордалық балабақшаға жолдама алу электронды мемлекеттік қызметтер көрсету порталы арқылы (ЭЦҚ арқылы) 24/7 режимінде қолжетімді екенін еске саламыз.

Телеканал Хабар 24