378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Атырау облысында желден мектептің шатыры ұшты

  • 204
  • UPD: 00:01, 04.05.2019

Атырауда жылдамдығы секундына 22 метрге дейін жеткен қатты дауыл тұрып, салдарынан Құрманғазы ауданы Орлы ауылындағы орта мектеп пен Атырау қаласындағы көп қабатты үйдің шатыры бүлінді.

Мектеп шатырының жұлынып түскен сәтін оқушылар телефонға түсіріп алған. Абырой болғанда  ешкім зардап шеккен жоқ. Шатырдың бүлінген аумағы 700 шаршы метрді құрады. Сонымен қоса бір тұрғын үйдің 674 шаршы метр шатыры да зардап шекті.  Желдің пәрменіне шыдамай құлап жатқан ағаштар, жарнамалық билбордтар да бар.  Осыған байланысты бүгін қала бойынша құзырлы мекеме өкілдерінен құралған арнайы комиссия мүшелері жұмысысн бастады.

Ұлықбек Тінәлиев,  қала әкімініің орынбасары:

- Қала бойынша осындай зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қай жерде шатырлары қозғалып тұр және де соны бекіту мақсатында  сондай жұмыстарды атқарып жатырмыз. Ол үшін арнайы техникалар бөлінді.

Телеканал Хабар 24