373,01 429.3 5.7
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данэлия Тулешова Минскіге келді

  • 543
  • UPD: 23:16, 18.11.2018

Ол 25 қарашада Junior Eurovision-2018 ән байқауында еліміздің намысын қорғайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал қазір дайындықтың соңғы кезеңі жүріп жатыр. Жас өнерпаз қобалжуға бой бермес үшін күн сайын дайындалып жатқанын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл байқау бірнеше күннен кейін «Минск-Аренада» өтеді. Ал ертең жарыстың ресми ашылуы болады.

Данэлия Тулешова , Junior Eurovision-2018 байқауына қатысушы:

- Бүгін дайындық базасына барамыз. Қобалжу сезімін жеңу үшін сайысқа басталғанға дейін дайындаламын. Ойдағыдай өнер көрсетуім үшін  сақадай сай болуым қажет. Қызу дайындық арқасында жоғары нәтижеге қол жеткіземін деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы