420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гиннес рекордтар кітабына енген шарап қоймасында ерекше жарыс өтті

  • 1237
Гиннес рекордтар кітабына енген шарап қоймасында ерекше жарыс өтті

Молдованың Милиешти Мичь ауылында жүгіру жарысының ерекше түрі өтті. Бұл жолы қатысушылар әлемдегі ең ұзын жер асты жүзім шарабы қоймасының 10 шақырымын бағындырды.

Жарысқа қатысуға АҚШ, Канада және Еуропадан туристер арнайы келген. Қонақтардың назарына ұлттық ән мен би ұсынылды.

Айта кетейік, бұл қойма 2005 жылы Гиннес рекордтар кітабына енген болатын. Жер асты кешенінде екі миллионға жуық жүзім шарабы сақталып тұр.

Лора, жарысқа қатысушы:

- Шарада Молдованың салт-дәстүрлері көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ түрлі музыкалық фольклорлық топтар өнер көрсетті. Сондықтан бұл жарыс шет елден туристер тартуға таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын.

Том, Ұлыбританиядан келген турист:

- Мен бұл жарыс туралы британдық телеарнадан көрсетілген бағдарламадан білдім. Бұрын соңды мұндай қоймада 10 шақырымға жүгіріп көрмеппін. Сол үшін арнайы келдім.

Хабар 24 телеарнасы