424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда бұрын-соңды болмаған экономикалық құлдырау тіркелді

  • 133
  • UPD: 12:53, 02.09.2020
Үндістанда бұрын-соңды болмаған экономикалық құлдырау тіркелді

Ұлттық статистика басқармасының мәлімдеуінше, 2020-2021 қаржы жылының алғашқы тоқсанында 23,9%-ке қысқарған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының дерегінше, бұл – әлемнің ірі экономикалары арасында ең төмен көрсеткіш. Мұндай жағдайға коронавирус індеті себеп болған. Мемлекеттік тарапынан тұрғындарды қолдауға 266 миллиард доллар бөлінетіндігіне қарамастан, азаматтардың көбі бұл көмекке қол жеткізе алмаған.

Айта кетейік, апта басында Үндістанда коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді. Ал бүгінге дейін бұл елде 3,9 миллионнан астам адамнан инфекция табылған.

Хабар 24 телеарнасы