424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шон Коннери қайтыс болды

  • 136
  • UPD: 21:23, 31.10.2020
Шон Коннери қайтыс болды

90 жасында британиялық актер Шон Коннери қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғұмырының 50 жылын кино саласына арнаған өнер иесін көпшілік Джеймс Бонд ретінде таниды. 70-тен аса фильмге түскен актер осыдан 17 жыл бұрын үлкен экраннан кеткен еді. Голливуд аңызына айналған тұлға 1988 жылы «Оскар» сыйлығын алды. Екі рет Британия кино академиясы және телевизиялық өнер сыйлығын иеленді. Сонымен қатар үш мәрте «Алтын глобусты» еншілеген талант ретінде көпке белгілі. Шон Коннери обыр дертімен күресіп келген. Жүрегі де сыр берген. Бірақ актердің нақты неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.  

Хабар 24 телеарнасы