Қатаң тәртіп 28 желтоқсанда күшіне еніп, 17 қаңтарға дейін жалғасады.
Бұл уақыт аралығында қонақ үйлер, тау-шаңғы шипажайлары мен азық-түліктен басқа тауарлар сататын дүкендер жұмыс істемейді. Одан бөлек, жаңажылдық мерекелер кезінде мұнда түнгі коменданттық сағат енгізіледі.
Айта кеткен жөн, коронавирустың таралуына байланысты бүкіл Польша қызыл аймаққа жатқызылған. Осы ретте елде мейрамханалар, барлар мен дәмханалар жабық тұр. Оқушылар қашықтан білім алады. Балалар мен жеткіншектерге далада ересектерсіз жүруге тыйым салынған. Маска тағу тәртібі көшеде сақталуы тиіс.