382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


EXPO көрмесіне қатысқан өнер иелері керуен-жәрмеңке ұйымдастырды

  • 550
  • UPD: 10:09, 13.12.2017

EXPO 2017 халықаралық көрмесіне қатысқан сәндік-қолданбалы өнер иелері ел ішін аралап, керуен-жәрмеңке ұйымдастырды.

Ұлттық ою-өрнекпен әрленген киіз, тері мен зергерлік туындыларды халықтың назарына ұсынған көшпелі керуен Ақтөбе қаласындағы сауда орталықтарының біріне тоқтады. «Халқымыздың құнды бұйымдарын келер ұрпаққа таныстыру арқылы ұлттық өнерді кеңінен насихаттау – мақсат», – дейді ұйымдастырушылар. Керуен құрамында елімізге танымал 30-дан астам шебер бар.

Бибігүл Кәрденова, көрме ұйымдастырушысы: 

– EXPO-дан кейін сол қалпында халыққа қайтадан алып шығып таныстыру мақсатында біз Ақтау қаласынан бастап керуен құрып, осы керуен жәрмеңкесін алып келе жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы