384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеулде Арыс тұрғындарын қолдау акциясы өтті

  • 148
  • UPD: 11:54, 27.06.2019

Оңтүстік Корея астанасында Арыс қаласының тұрғындарын қолдау акциясы өтті.

Қазақстандық студенттер мен қазақ диаспорасының өкілдері осы мемлекеттегі біздің елдің елшілігі алдында флеш-моб ұйымдастырды. Шараға қатысушылар «Арыс, біз сендермен біргеміз» деп ұрандатты. Бұдан бөлек Түркістан облысының ресми есепшотына қаражат аударды. Елшілік қызметкерлері оған өздерінің бір күндік жалақысын берді. Сеулде тұрып жатқан қандастарымыз өзге елдердегі отандастарымызды да Арыс тұрғындарына көмектесуге шақырды.

Жанна Әуелбекова, Корея республикасындағы қазақ қауымдастығының өкілі:

– Оңтүстік Корея мен Азияда ғана емес, сонымен бірге Еуропа мен Америкадағы мыңдаған қазақстандық осы акцияға қосылады деген үміттеміз. Отандастарымыз қазіргі шараны жалғастырып, қазақстандықтарға, ең алдымен балаларға қол ұшын беретіндігіне сенімдіміз. Себебі барлығы жаңалықтардан балаларға көмектің қажет екенін көріп, біліп отыр.

Аян Амангелдінов, студент:

– Арыста болған оқиғаны естігенде, көңілім босап кетті десем де болады. Және де Арыста болған жағдайдан кейін зардап шеккен Қазақстан азаматтары және бүлдіршіндерге осы жерге келіп қолдау көрсетіп отырған азаматтарға көп рақмет. Осындай акцияны жүргізіп, біз де қолдан келгенше көмек көрсетуге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы