384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда жұлынға озық технологиялы операция жасалды

  • 164
  • UPD: 15:27, 02.07.2019
Павлодарда жұлынға озық технологиялы операция жасалды

Елімізде «Денсаулық» бағдарламасы шеңберінде жіті инсультті басқарудың жол картасы енгізілген.

Соңғы жылдары мемлекеттік бағдарлама жемісін беріп, нейрохирургия саласы қарыштап даму үстінде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл сала Ертіс өңірінде де бір орында тұрып қалмады. Ұлттық нейрохирургия орталығы дәрігерлерінің бір тобы облысқа келіп, Павлодар қалалық ауруханасы базасында жұлынға аз инвазивті операциялар жасады. Тәжірибе алмасу барысында мамандар омыртқаның туа біткен және пайда болған патологияларын емдеудің хирургиялық тәсілдері турасында тәжірибе алмасты. Соңғы екі жыл ішінде облыста салаға қажет құрал-жабдықтарды сатып алуға 500 млн теңге бөлінген. Соңғы жылдары Қазақстанда 58 инсульт орталығы ашылған. Ақ желеңділердің айтуынша, қалың жұртшылық инсульттердің 80% алдын алуға болатынын білмейді. Сол себепті бірінші кезекте қан айналымы жүйесі ауруларының профилактикасына назар аударған жөн.

Рашид Дүйсембаев, қалалық №1 ауруханасы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:

- Біз өз тарапымыздан сынған омыртқаның вертебопластикасы операциясын меңгердік. Операциядан соң сырқат келесі күні аяққа тұра алады. Ауыр зақым келген омыртқа бөліктеріне кифопластика жасауды да үйрендік. Он жыл бұрынғы жағдайымызды бүгінгімен салыстыруға келмес. Әлемдік деңгейдегі мамандардан кем емеспіз.

Ержан Әділбеков, ҰНО инсульт мәселелері жөніндегі орталық директоры

Бұл аймақта инсульт орталығы бар. Біреуі үшінші деңгей, сол үшінші деңгейге эндовоскулярлық нейрохирургиялық операция жасалынады. Екібастұзда екінші деңгей орталығы бар. Былтыр компьютерлік томограф қойылды. Былай қарағанда, бұл аймақтың жұмысы инсульт бойынша жаман емес.

Хабар 24 телеарнасы