389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда алғаш рет «Көрпе fest» мега фестивалі өтті

  • 101
  • UPD: 22:37, 10.10.2019

Қазақ ұлтының төл мәдениеті мен өнерін қайта жаңғыртқан іс-шараға жүзден астам үй шаруасындағы әйел мен көпбалалы аналар қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға арнап этнодизайнер Ырза Тұрсынзада тегін шеберлік сағатын өткізді. Қыз-келіншектерге танымдық дәрістен алған азын-аулақ тәжірибесін құрақ көрпе мен құс жастық, көйлек тігу арқылы ұштауына мүмкіндік берілді. Еңбегі үздік танылған 30 әйелге тігін машинасы мен ақшалай сертификат тарту етілді.

Анаргүл Үкешова, көпбалалы ана:

Бұл жерден біз өте көп нәрсені ұғындық десек те болады. Қазақтың ұлттық дәстүрінде ертеден қалып қалған қошқар мүйіз сияқты оюларды көрпеге қалай жапсырып тігуді үйрендік. Үш күнде үйренген еңбегімнің жемісі деп тігін машинасын сыйлыққа беріп жатыр. Өте қуаныштымын. Өз кәсібімді дөңгелетіп кетемін деген ойдамын.

Ырза Тұрсынзада, «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты, этнодизайнер:

- Нұр-Сұлтан қаласында тұсауы кесілген «Көрпе fest» мега фестивалі киелі Маңғыстау өңіріне жетті. Қаншама қыздар келіп отыр. Барлығы әлеуметтік желі арқылы келді. Ішінде көпбалалы аналарымыз да бар. Барлығы да осы кәсіпті дөңгелеткісі келеді. Бұл жерде көрпенің түрлерін үйренді. Құрақтың түрлерін көрді. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің Алғыс хаттары жаңа берілді. Осы жердегі көпбалалы аналарға қолдау көрсетіп, сол кісілердің шаңырағын көтеріп берген бауырларымыз бар екен. Сол кісілерге берілді.

Хабар 24 телеарнасы