429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы ауруханаларға автономды оттегі станциялары орнатылып жатыр

  • 104
  • UPD: 09:03, 09.10.2020
Алматы облысындағы ауруханаларға автономды оттегі станциялары орнатылып жатыр

Қазіргі таңда 2 бекет іске қосылды, тағы 10 шақтысы жақын күндері пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өкпесі қабынғандарға саф ауа өндіретін станциялар тек облыс орталығында ғана емес, алыс аудандарда да жұмыс істейтін болады. Науқастардың кең тыныстауына мүмкіндік беретін бекеттердің бірі таяу күндері орталық аурухана жанынан ашылады. Вагон-контейнер әкелінді, қазір қосымша құбырлары мен жүзден астам оттегі көзі жалғанып жатыр. Емдеу мекемесіне сондай-ақ өкпені жасанды желдететін 23 аппарат сатып алынды. Оттегі концентраторы мен компьютерлі томограф та жеткізілді. Медициналық нысан 320 орындық провизорлық орталық жасақтап қойды. Облыс бойынша жалпы COVID-19 қарсы күрес шараларына 7 миллиард теңге бөлінген. Ол қаржыға қажетті құрылғылар мен тасымалдаушы көліктер сатып алынды.

Мейрамгүл Сәкенова, орталық аурухана директорының орынбасары:

- Сырттан әкелінетін болған соң әрине өте қиын жағдайлар болды. Басқа жермен келісімшартқа отырамыз, ол жерде кейде болмай қалады, оттегі бітіп қалады. Күніне 60-100 баллонға дейін қолданатынбыз. Оттегі мамандары күндіз-түні әкеліп тұрды. Қолмен қосатын бәрін. Қазір оттегі станциясы 132 нүктені қамтамасыз етеді. Үздіксіз оттегі беріліп тұрады.

Хабар 24 телеарнасы