378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Дели-Алматы» ұшағында жолаушы көз жұмды

  • 254
«Дели-Алматы» ұшағында жолаушы көз жұмды vistanews.ru

Air Astana авиакомпаниясының Дели-Алматы рейсін орындаған ұшақта жолаушы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілісі, Қазақстанның 67 жастағы азаматшасы ұшар алдында өзін жайсыз сезініп, билетін келесі күнге ауыстырған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, әйел онкологиялық сырқатқа шалдыққан. Ұшу барысында оның жағдайы күрт нашарлаған. Көмек көрсетуге барған Алматы Халықаралық әуежайының медициналық қызметі оның қайтыс болғанын мәлім етті», - делінген Алматы Халықаралық әуежайының ресми парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы