Эстония тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Эстония Республикасының Сыртқы істер министрі Эва-Мария Лийметспен телефон арқылы сөйлесті. Министрлер өзекті халықаралық мәселелер мен Украинадағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасты. Тараптар екіжақты ынтымақтастық пен ағымдағы жылы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған іс-шараларды үйлестіруге келісті. Қазақстан мен Эстония арасындағы ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.