425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасына бас бапкер тағайындалды

  • 64
  • UPD: 17:02, 19.11.2020
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасына бас бапкер тағайындалды

Бүгін дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының бас бапкері ауысты.

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан дзюдо федерациясының кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлады olympic.kz.

Атқарушы комитеттің бірауыздан шешімімен Қазақстан ұлттық ерлер командасының бас бапкері болып дзюдодан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, «Құрмет» орденінің иегері Ғалымжан Жылгелдиев сайланды.

Айта кетерлігі, құраманың бұрыңғы бапкері Айдын Смағұлов денсаулығына байланысты қызметін тоқтату туралы өтініш білдірді. Ол Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне 2018 жылы кіріскен болатын.

Хабар 24 телеарнасы