Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO көрмесінің 130-дан астам мәртебелі мейманы арнайы кітапқа қолтаңба қалдырған

  • 514

EXPO көрмесінің мәртебелі меймандарына арналған кітапқа 130-дан аса қолтаңба қалдырылған.

Онда 3 ай ішінде көрмеге арнайы келген 28 мемлекеттің басшысы мен 70-тен аса министр және 20-ға жуық үкімет басшысы, халықаралық ұйым өкілдерінің игі тілектері жазылған. Кейбіреулері EXPO-дан алған әсерлерімен де бөліскен. Кітап оқырманға қолжетімді болуы үшін енді оның электронды нұсқасын жариялау жоспарланып отыр. Ал тіпнұсқасы «Нұр Әлем» кешенінде сақталуы мүмкін.

Илья Уразаков, «Астана EXPO 2017» ҰК АҚ Департамент директоры:

– Біз қазір кітапты қайда қоятынымызды ойластырып жатырмыз. Мүмкін «Нұр Әлем» кешенінде қалдыратын шығармыз. Ол жағы жуырда белгілі болады. Онда ерекше құттықтаулар мен тілектер жазылған. Тіпті елімізге бұрын-соңды келуі екіталай Джибути президенті мен Фиджи, Кариб аралы, Тынық мұхиты сынды елдердің үкімет басшыларының да қолтаңбасы бар. Бұл құжат көпшіліктің қызығушылығын тудырады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы