388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапондықтың ананас пен алма жайлы әні Гиннестің рекордтар кітабына енді (бейне)

  • 993

Жапондық диджей Piko-Taro-ның Pen-Pineapple-Apple-Pen атты әні Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді, деп жазады The Straits Times.

Бұл ән АҚШ-тың Billboard Hot 100 хит-шеруінде бұрын-соңды орындалған ең қысқа композиция ретінде тіркелді. Неәбір 45 секундтық Pen-Pineapple-Apple-Pen американдық чартта 77-орыннан бастаған болатын.

Ал қысқалық жағынан осыған дейінгі рекорд АҚШ-тан шыққан The Womenfolk тобына тиесілі болды. 1964 жылы Billboard хит-шеруінде олардың Little Boxes әні шырқалды. Оның ұзақтығы 1 минут 2 секунд еді.  

Ал 53 жастағы жапондық диджей Piko-Taro Гиннестің рекордтар кітабының жүлдесін Токиода өткен баспасөз конференциясында алды.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы