385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Венесуэладағы тәртіпсіздік соңы үш адамның ажалымен аяқталды

  • 602

Венесуэлада ушыққан жанжал ақыры үш адамның ажалымен аяқталды.

Естеріңізде болса, 15 желтоқсанда ел билігі айналымдағы негізгі банкнот саналатын 100 боливарды қолданыстан шығарып, оның орнына 500 және 20 мың боливар арасындағы 6 жаңа купюра енгізген. Осыдан кейін саудагерлер бірден жүздік ақшаны алмай қойды. Бұған ашынған халық биліктің шешіміне наразылық білдіріп, ереуілге шықты және қолда қалған банкноттарын айырбастау үшін банктерге ағылған. Президент Николас Мадуро мұндай шешімді қаржы мафиясымен күресу мақсатында қабылдаған болатын. Алайда елде белең алған ереуілдер мен тәртіпсіздіктерден кейін ол 100 боливарлық купюраны 2 қаңтарға дейін жарамды деп жариялады.

Хабар 24 телеарнасы